Қазақстанда күн ашық болады
Pixabay
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Қазақстандық синоптиктер 14-16 қазанға арналған ауа райын болжады, деп хабарлайды zakon.kz.
Болжам бойынша, күн ашық болады. Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.
16 қазанда Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Ауа температурасының негізгі аясы күндіз еліміздің батысында, солтүстік-батысында – 15-23 градус, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7-15 градус, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – 12-21 градус.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript