Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдерге ұсыныс тастады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 00:58 pixabay.com
Президент пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұны Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

"Індетпен күресте оң нәтижелерге қарамастан, біздің елдеріміз әлі де қиын жағдайда тұр. Жаңа штамдар пайда болып жатыр. Оның үстіне вакцина алған адамдардың қатары аз", ­– деп келтіреді Мемлекет басшысы сөзін "Хабар24".

Одан соң Қазақстанның өзіндік вакцина жасағанын қаперге салды. Қазір екпенің дүниежүзілік ұйымдар тарапынан мойындалуын күтіп отырғанымызды айтты.

Кейін пандемиямен күресте күш біріктіру керек екенін де тілге тиек етті. Яғни фармацевтика және ғылым саласында бірлескен жоба әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды үйлестіру қажет.



zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: