Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 01:39 ПМ
Осы мақсатта Үкімет басшысы Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапары аясында көлік инфрақұрылымы жобалары – "Өскемен-Талдықорған", "Қалбатау-Майқапшағай", "Үшарал-Достық", "Қарағанды-Балқаш-Қапшағай", "Меркі-Бурылбайтал" автожолдары жобаларының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұзындығы 768 шақырым болатын (Шығыс Қазақстан облысының аумағы бойынша – 454 км, Алматы облысының аумағы бойынша – 314 км) "Өскемен-Талдықорған" автожолын салу жобасы бойынша Үкімет басшысына негізгі жұмыстардың аяқталғаны және жыл соңына дейін автомобиль қозғалысының ашылатыны туралы баяндалды. Ұзындығы 415 шақырымға созылатын "Қалбатау-Майқапшағай" тас жолын реконструкциялау жобасы бойынша 127 шақырым жолда қозғалыс ашылды, жұмыстарды 2022 жылы толық аяқтау жоспарланған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 01:39

"Үшарал-Достық" автожолы бойынша 180 шақырымнан 145 шақырым жол пайдалануға берілді, жұмыстарды 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толық аяқтау жоспарланған. Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын "Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай" автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі. "Меркі-Бурылбайтал" (262 км) автожолы бойынша қозғалыс толық ашылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 01:39

Өскемен қаласында Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баяндалды – ҰҚЖ ұзындығы 2800 м дейін, ені 60 м дейін ұлғайтылды. Асфальтбетон жабынын толық ауыстыру жүргізілді, жарық-сигналдық жабдықтың жаңа жүйесі орнатылды. 30 тонналық жүк терминалының және 100 тонналық уақытша жүк сақтау қоймасының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Премьер-министрге Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысы туралы баяндалды, ол 2022 жылғы 1 мамырда аяқталады. 2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 5 мың шақырым, жергілікті желі – 3,4 мың шақырым. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 01:39

Биыл еліміздегі 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталады. Қалған жұмыс көлемі өтпелі және 2022 жылы орындалатын болады. Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы және т. б. қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: