Қазақстанда шенеуніктердің шығысы табысынан асатын-аспайтыны тексерілмек
zakon.kz/Максим Золотухин
Қазір осындай ұсынысы бар заң жобасы Парламентке ұсынылған.
Қазақстан түсініксіз жағдайда байығандар үшін жауапкершілік енгізгісі келеді. Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықпен күресіп, мемлекеттік қызметкерлердің адал буынын қалыптастырмақшы, деп хабарлайды zakon.kz.
Биыл Елбасының тапсырмасы бойынша біздің агенттік 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Бұл бағыттағы жұмысқа азаматтық қоғам өкілдері де белсенді қатысып, араласып жатыр. Бұл арада революциялық бетбұрыстың бірі - түсініксіз жағдайда байығандар үшін жауапкершілік енгізу. Біз қазір осындай заң жобасын Парламентке ұсындық. Шығыстардың кірістерден асып кетуі қазірдің өзінде қаржылық аудитті немесе тіпті тергеу ісін бастап кету үшін белгі болып табылатынын баса айта кетелік, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов арнайы брифингте.
Ол 2018 жылы Қазақстан шоттар туралы мәліметтермен алмасу жөнінде келісімге қол қойғанын айта кетті. Бұл келісім шетелдегі активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Қазір билік бұл активтерді қайтарғысы келеді.
Биыл бізге еуропалық конвенцияларға қосылуымыз жемқор шенеуніктердің шетелдік есепшоттарда жатқан көлеңкелі кірістерін суырып шығарудағы күресте тиімді көмек болады. Бастамалар күшті алдын алу сипатына ие болады. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке тек баю мақсатында келуді негізсіз етеді және ұзақмерзімді перспективада адал мемлекеттік қызметкерлердің буынын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, деп санайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыруды жоспарлап отыр. Яғни, "адалдықты тексеру" бойынша сынаққа қатысады.
Адал кәсіп жүргізу жайын айтып отырмыз. Адалдыққа тексеру жүргізуді енгізбекпіз. Басқаша айтқанда, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу сынағы. Сонымен қатар бұл мемлекеттік қызметкерлерді бопсалау немесе пара алуын тізгіндейтін жақсы профилактикалық құрал, - деді Марат Ахметжанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript