Мишаны босат! Грузия халқы Саакашвилиді қолдап көшеге шықты
видеодан кадр
Көшеге шыққан халық Саакашвилиді босатуды талап етіп, қазіргі үкіметті сынға алды.
Тбилисиде мыңдаған адам Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді қолдау үшін көшеге шықты. Қазан айының басында оны еліне келген сәтте ұстап, түрмеге отырғызған.
Акцияны Азаттықтың грузин қызметі тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, митингке шамамен 50 мың адам қатысқан. Олардың бірқатары қолына "Мишаға бостандық" және "Саяси қудалауға жол жоқ" деген плакаттар ұстап тұрды.
Саакашвилидің жақтасы Ника Мелия экс-президенттің оппозицияны бірігіп, 30 қазанда "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан үміткерге дауыс беруге шақырған үндеуін оқыды. Бұл партияның өкілдері ірі қалаларда жергілікті сайлауда екінші кезеңге өткен.
Көшеге шыққан халық Саакашвилиді босатуды талап етіп, қазіргі үкіметті сынға алды.
Саакашвили өз елінде сырттай сотталған. Сонымен бірге оған үш бірдей қылмыстық іс қозғалған. Қазір түрмеде экс-президент аштық жариялап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript