Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттады

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 17:07 pexels.com
2020 жылы елімізде қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17,4%-ға, 71,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Биыл Қазақстанда дәретхана қағазы 6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың сегіз айында елімізде 56,8 млрд теңгенің қағаз және қағаз өнімдері өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5,4%-ға артық. Сектордағы өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 3,7%-ды құрады, делінеді Energyprom.kz зерттеуінде.

Ең көп өндіріс Алматы облысында өндірілген: 19,3 млрд тг, бұл жылына елімізде өндірілетін өнімнің 38,7%-ы. Үштікке Алматы (16,9 млрд теңге, елімізде өндірілетін өнімнің 26,6%-ы) және Шымкент (5,3 млрд теңге, елімізде өндірілетін өнімнің 4,7%-ы) кіреді.

Анықтама үшін: 2020 жылы елімізде қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17,4%-ға, 71,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: