Тоқаев ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылын жариялады
Ақорда
2022 жыл Қазақстанда сондай жыл деп жарияланды,
2022 жыл Қазақстанда ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтау мен халықтарымызды одан әрі жақындата түсуде маңызды рөлге ие. Осыған орай біз келесі жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жарияладық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, келесі жылы осы мақсатта мәдениет, туризм мен спорт салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шамамен 100 іс-шараны қамтымақ.
Бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге бұған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттар септігін тигізе алады. Олардың қатарында жастар ынтымақтастығы, туризм, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты стратегиялар бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Молдова халқын Комрат қаласын 2023 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы болып таңдалуымен құттықтаймын, - деді Қ.Тоқаев.
Дайана Тоқберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript