Қазақстандық аңыз қақпашы Ресей құрамасына бапкер болды
instagram/hockey_notebook
Қазақстандықтарға Өскемен қаласының тумасы, қақпашы Евгений Набоковтың есімі көбірек таныс.
Ресей хоккей құрамасының бас бапкері Алексей Жамнов Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында командаға көмектесетін мамандардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаттықтырушылар штабына Алексей Кудашов, Сергей Федоров, Сергей Гончар және Евгений Набоков кірді. Бас менеджер болып Илья Ковальчук тағайындалды, деп хабарлайды ҚХЛ баспасөз қызметі.
Аталған есімдердің ішінде қазақстандықтарға Өскемен қаласының тумасы, қақпашы Евгений Набоковтың есімі көбірек таныс.
Өскемен хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Евгений Набоков кезінде Қазақстан мен Ресей құрамаларында ойнаған. Мансабының басым бөлігін ҰХК клубының "Сан -Хосе Шаркс" командасында өткізді.
Бұрынғы КСРО елдерінің арасында тұрақты маусымдардағы жеңістер (353) және құрғақ матчтар (59) бойынша қақпашылар арасында рекордшы. ҰХЛ- 2008 жылғы Әлем чемпионы.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript