8 айда Қазақстаннан қанша адам қашты?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 00:00 zakon.kz
Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген.

Көші-қон қызметі органдарынан алынған Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға 6 339 адам келді, бірақ есесіне елден 22 685 адам кетті, көші-қон сальдосы -16 346 адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі – 86,1%-ды құрады.

Статистика Бюросының дерегінше, өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 7,3%-ға артты.

Өңіраралық мекен ауыстыру бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: