Жамбыл өңірінде көкөніс жеткілікті
Ағымдағы жылы жамбылдық диқандар мол өнімге қол жеткізді. Биыл облыс бойынша 378,2 мың гектар дәнді масақты дақылдар орылып, барлығы 465,9 мың тонна дән бастырылды. Сонымен қатар, 269,6 мың тонна картоп,483,3 мың тонна бақша дақылдары, 1 716,6 мың тонна көкөніс, 100,8 тонна дәндік жүгері, 42,2 мың тонна майлы дақыл жиналған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Барлық өнімділік көрсеткіштерінде өткен жылмен салыстырған өсім бар, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыс бойынша қолданыстағы 236 қойманың сыйымдылығы 255 954 тоннаны құрайды. Биыл жалпы сыйымдылығы 13,0 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылса, 74,5 мың тонна өнімді сақтауға қауқарлы 5 қойманың құрылысы жүзеге асуда.
Жалпы облыста 2 миллион тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдердің өндіріс көлемдері облыстың ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңге қажет ететін (4 ай – қаңтар-сәуір айлары) 51,8 мың тонна көкөніс өнім көлемдерін облыстағы 236 қоймаларда сақтауға толық мүмкіншілік бар.
12 қазандағы жағдайы бойынша өндірілген өнім көлемі (картоп, сәбіз, пияз) 1 570,7 мың тоннаға жеткен. Оның 685,4 мың тоннасы сатылса, 49,1 мың тоннасы 109 қоймада сақталуда.
Қазіргі таңда әулиеаталық егіншілер орташа есеппен әр гектардан 28 тонна сәбіз жинауда. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылып, ішкі нарыққа өткерілуде. Қалғаны қоймаларда сақталмақ.
Бүгінгі таңда сәбіз жинау науқаны жоспарға сәйкес қарқынды жүруде. Былтыр бұл көкөніс облыс бойынша 3500 гектардан астам аумаққа егілсе, биыл оның көлемі 3600 гектарға жуықтады. Жалпы қазір шаруалар 2100 гектардан сәбіз жинап үлгерді. Теру жұмыстары қарашаның ортасына дейін жалғасады. Әр гектардың орташа өнімділігі 28,4 тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 пайызға артып отыр. Жыл қорытындысымен 110,6 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде, бұл облыстың қажеттілігін 4,2 есеге артығымен қамтитын болады, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда көкөніс қоры қалыптасқан. Болжам бойынша келесі жылдың сәуіріне дейін жеткілікті.
"Цевазов Л." шаруа қожалығы қазір қазан айында пісетін сәбізді жинау жұмыстарын жүргізуде. Әр гектардан 15 тонна өнім жинағаншаруашылық басшысы Леджер Цевазов өз қоймасына 80 тонна өнім сақтауды жоспарлауда.Сонымен қатар, пияз, картоп және шалғамнан жақсы өнім алғанын айтады. Егін жинау жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тартуда.
Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевтың айтуынша, округке қарасты Жалпақ төбе ауылында 98 шаруа қожалығы тіркелген. 5165 гектар егіс алқабының 1115 гектары көкөніс дақылдарына тиесілі. Егіс алқаптарынан тыс тұрғындар топырағы құнарлы өз аулаларын да тиімді пайдаланылуда.