Жаңалықтар тізбегі
0

8 млн-нан астам қазақстандық коронавирус екпесінің бірінші компонентін алды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 15:53 primeminister.kz
Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 34%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 29%.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Барлық өңірлерде ауру деңгейі, ауыр жағдайдағылар мен стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандар саны айтарлықтай төмендеді.

Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 34%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 29%.

Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 млн астам адам, екінші компонентімен 7,2 млн жуық адам егілді. Ұжымдық иммунитеттің 60%-ына қол жеткізу міндеті қойылды.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл аймақта" Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары, "сары аймақта" Атырау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Қызыл аймақта" Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды.

Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: