Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның барлық өңірінде нан қымбаттап барады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 16:40 pixabay.com
Қазақстандықтардың рационында нан тұтынудың төмендеуі байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында нан бағасы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қара бидай нанының бағасы 9,9%-ға, жоғары сұрыпты бидай наны 7,8%-ға, бірінші сұрыпты ұн 5,1%-ға өсті.

Анықтама үшін: бір жыл бұрын осыған ұқсас кезеңде нан құнының жылдық өсуі 11,6%-ды құрады.

ҚР барлық өңірлерінде нан қымбаттады.

Бағалар Нұр-Сұлтанда 12,2%-ға өсті, одан кейін Солтүстік Қазақстан (+9,6%) және Ақмола (+9,5%) облыстары тұр.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ең төменгі жылдық өсім Ақтөбе облысында (2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке+1,2%), Шымкентте (+2,6%) және Маңғыстау облысында (+3%) байқалды.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың рационында нан тұтынудың төмендеуі байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында бірінші сұрыпты ұннан бидай нанын тұтыну орта есеппен жан басына шаққанда 16,5 кг, қара бидай наны 1,3 кг құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тиісінше 3,5%-ға және 10,3%-ға аз.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: