Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев алматылықтарды КВИ-дің қайта өршуіне жол бермеуге шақырды

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 02:16 zakon.kz/ Павел Михеев
Сағынтаев шетелдердегі, соның ішінде дерттің кезекті өсуі тіркелген Ресейдегі жағдайға назар аударды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының таралу динамикасы туралы айтып, пандемияны тоқтатудың жалғыз әрі сенімді тәсілі вакциналану екенін еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы" телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісе түскенін хабарлады. Өткен тәулікте COVID-19-дың 312 жағдайы тіркелді, оның 303-і – симптомды жағдай. Эпидемия басталғалы бері 175 434 оқиға тіркелді, ал жыл басынан бері тіркелгені – 156 913 жағдай.

КВИ дертін жұқтыру базалық болжам бойынша тұрақтануда әрі төмендеуін жалғастыруда. Дерттің төмендеу қарқыны сақталса, онда айдың соңында жұқтыру деңгейі тәулігіне 300-ден кем болады деп болжануда, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Өткен аптада, алдыңғымен салыстырғанда, үй ошақтарында инфекция 4%-ға, сондай-ақ жұмыс орнында 0,9%-ға, туыстармен, көршілерімен және таныстарымен байланыс кезінде 0,6%-ға айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте – 4,8%-ға, сауда объектілерінде 1,5%-ға жұқтырудың күрт өсуі байқалады.

Өткен аптада негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 35%, қоғамдық көлік – 24%, отбасылардағы байланыстар – 20% және базарларда – 10%.

Инфекциялық стационарларда 1 255 адам, оның ішінде 31 бала бар. Жағдайы өте ауыр – 57 пациент, ауыр – 627, орташа ауыр 571 пациент жатыр. РИТБ-де барлығы 129 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 27 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ-де – 72, High flow-да-20 аппарат қолданысқа берілген.

Өткен тәулікте бірінші компонент 1 581 адамға, екінші компонент 2 691 адам егілді. Осы жылдың 1 ақпанынан 19 қазанға дейінгі барлық кезеңде І компонент 981 759 адамға, II компонент 906 264 адамға егілді, - дейді Алматы қаласының әкімі.

Сағынтаев шетелдердегі, соның ішінде дерттің кезекті өсуі тіркелген Ресейдегі жағдайға назар аударды. Сондықтан Алматы әкімі тұрғындарды КВИ пандемиясының өршуіне жол бермеуге, вакцина салдыруды кейінге қалдырмауға шақырды. Вакциналанған әр адам ахуалды тұрақтандыруға және шектеулерді жоюға айтарлықтай үлес қосатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: