ШҚО түрмесіне 40 литр алкоголь кіре жаздады
Шығыс Қазақстан облысында 9 ай ішінде колонияға тыйым салынған заттарды алып өту және колония аумағына лақтырудың алпысқа жуық фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне 9 ай ішінде сотталғандардың қамқор туыстары мен таныстары колонияға 40 литрге жуық спирт, 125-тен астам телефон және ақшалай қаражат кіргізбек болған.
Мәселен, жеке кәсіпкерге құм түсіру үшін мекеме аумағына кіргісі келген КамАЗдың бортына телефон жасырып кіргізбек болған.
Құмды мұқият тексеру кезінде ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/3 жалпы режиміндегі колониясының қызметкерлері скотчпен оралған екі түйіншекті тәркілеген. Оның ішінде жеті ұялы телефон табылған.
Тағы бір мысал, OВ 156/2 колониясында орын алған, онда сотталғандарға үлкен көлемде алкоголь кіргізуге тырысқан.
Тексеру барысында колония қызметкерлері мен 6699 ә/б әскери жасағының бақылаушылары автокөліктің есік қаптамасынан тыйым салынған заттар: зарядтау құрылғылары мен құлақаспаптары бар ұялы телефондар, сондай-ақ алкогольдің ерекше иісі бар сыйымдылығы 1,5 литр 20 бөтелке табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, колонияның іргелес аумағында 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды, ол мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысты. Ол пакеттің ішіне есірткі затын салып колония аумағына лақтырмақ болған.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері түнде екі жасөспірімді ұстады, олар қоршаудан екі түйіншек лақтыруға тырысты. Тексеру кезінде түйіншектің ішінде ақ және жасыл түсті таблеткалар, ұялы телефон және зарядтау болды. Сондай-ақ, телефондар шай пакетінен де тәркіленді.
Барлық осы фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес барлық тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.
Айта кетейік, колонияның қырағы қызметкерлері өз тарапынан ШҚО колониясына тыйым салынған заттарды кіргізу және жіберу фактісінің алдын алуға тырысады, ал сотталғандардың қамқор туыстары мен таныстары тыйымға қарамастан оларды әртүрлі жолдармен беруге тырысады. Қызметкерлер тыйым салынған заттарды әкелуге және лақтыруға жол бермеу туралы сотталғандардың туыстары олармен кездесуге келген кезде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Сонымен қатар, қызметкерлер сотталғандардың өздеріне және олардың туыстарына бас бостандығынан айыру орындарында пайдалануға тыйым салынған заттар туралы жадынамалар таратады, деп түсіндірді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.