Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде балконнан секірген қыздың ата-анасы суицидке сенбейді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 17:52 Pixabay
Диана қаладағы №35 мектептің 7 сыныбында оқыған.

Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп, мерт болды. Жеткіншектің ата-анасы болған жағдайдан есеңгіреп, есін жия алар емес. Жасөспірім мұндай қадамға не үшін барды?

Бұл туралы Астана телеарнасы репортаж жасапты.

Қайғылы оқиға "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің бірінде болған. Жеткіншек осы үйде тұратын құрбысының үйіне келген көрінеді. Ал оның не себепті өз-өзіне қол салғаны әзірге белгісіз.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

11 микрорайон 112 В үйінің подъезінен жасөспірім құлағаны туралы хабар түседі. Сол жерге жедел полиция жасағы барады. Олар подъезд алдынан жатқан қыздың денесін тауып, ол қыз 25 қабатты үйдің 20-қабатынан құлағаны белгілі болады.

9-қазанда ғана 13 жасқа толған Диананы туғандары кеше жер қойнына тапсырған. Қайғылы қазадан ес жия алмай отырған отбасы баласын өлімге не итермелегенін түсіне алар емес. Сол күні "укулеле" аспабы үйірмесіне бірге қатысатын құрбысымен киноға барамын деп кеткен жасөспірім басқа досының үйіне не себепті барғаны да жұмбақ болып отыр, дейді әкесі. Жеткіншектің заттары арасынан "Амонг ас" ойынының кейіпкерлері бейнеленген суреттердің табылуы да күдік туғызады.

Ерболат Қожақов, марқұмның әкесі:

Аман кап дей ме, сондай бір суреттер бар, блокнотында салған. Өзімізге жұмбақ болып тұр. Ондай ешқандай не болған жоқ. Мен оны ұрған жоқпын. Ерке қыз болды, ұрысқан жоқпыз.

Диана қаладағы №35 мектептің 7 сыныбында оқыған. Класс жетекшісі оны оқу үлгерімі жақсы, ашық-жарқын бала ретінде еске алады. Соңғы екі аптада бұл сынып карантинге жабылып, сабақ осы дүйсенбіде ғана басталған.

Бақытгүл Алғалиева, сынып жетекшісі:

Қыз өте тәртіпті болды, ашық болды. Балалармен өте жақсы қарым-қатынаста. Мұғалімдердің айтқанын екі етпей тыңдайтын. Сурет салуды жақсы көретін. Худлицейге қатысатын. Ата-анасымен өте жақсы қарым-қатынасты. Анасы ата-аналар комитетінің төрайымы еді, ылғи да, оның сабағын, тәртібін, бәрін қадағалайтын.

25 қабатты үш үй қатар тұрған "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешені халық арасында суицид жасайтындардың орны аталып кеткен. Соңғы бес жылдың ішінде мұнда бірнеше адам жоғары қабаттан секіріп, өмірмен қоштасқан. Кешен тұрғындары бұған алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар көпқабатты үйдің кіреберісіндегі балкондарға бөтен адам кірмейтіндей амал жасау керек дейді.

25 қабатты үйдің пәтер иелері кооперативінің жетекшісі үйге кіріп-шыққан бөгде адамдардың ізін аңдып жүре алмаймыз. Подъездегі балкондарды кілттеп те қоя алмаймыз дейді. Бұл өрт техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзу болып саналатынын айтады.

Айғаным Қазымова, ПИК төрайымы:

Үш үйдің кіреберіс балкондарын тормен қаптау керек пе? Әлде есігіне магнитті құлыптар салу керек пе? Білмеймін, әйтеуір, тек осы үйдің тұрғындары кіре алатындай бір амалын жасау керек. Әйтпесе, біреудің үйіне қонаққа келдім дейді де, балконнан секіреді.

Полиция бұл оқиға бойынша "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: