Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда трансшекаралық электронды сауданың "алтын кезеңі" басталды

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 21:37 pexels.com
Қытайдың трансшекаралық электронды саудаcының дамуына бірқатар фактор себеп болып отыр.

Қытайда трансшекаралық электронды сауданың "алтын кезеңі" басталды, оның көлемі соңғы бес жылда он есеге жуық өсті.

Елдегі трансшекаралық электрондық коммерцияның кешенді пилоттық аймақтарының саны 105-ке дейін өсті.

Сауда қазірдің өзінде сыртқы сауданың өсуі мен оңтайлануының жаңа ынталандырушысы, сондай-ақ Қытай экономикасының жоғары сапалы дамуының жаңа тірегі болды.

Кеден деректеріне сәйкес, 2020 жылы Қытайдың трансшекаралық электронды сауда арналары бойынша импорт пен экспорт көлемі 31,1%-ға ұлғайып, 1,69 трлн юаньға (262,58 млрд доллар) жетті. Сауданың жаңа форматы ретінде Қытайдың трансшекаралық электронды саудасы коронавируспен күресу кезеңінде қарқынды дамып, сыртқы сауданы тұрақтандырудың маңызды қозғаушы күшіне айналды.

Статистика көрсеткендей, өткен жылы экономикаға коронавирустық инфекция қатты әсер еткенімен, электронды сауда арналары арқылы Қытай экспортының көлемі 20%-дан астам өсті.

Қытай және жаһандану орталығының (CCG) жақында жарияланған баяндамасында атап өтілгендей, Қытай мен АҚШ қазіргі уақытта жаһандық трансшекаралық электрондық сауданың негізгі платформалары орналасқан елдер, сондай-ақ сауданың осы моделінің негізгі нарықтары.

Әлемдік B2C (тұтынушы үшін бизнес) транзакцияларының шамамен 26%-ы Қытайда жүреді, осы көрсеткіш бойынша Қытай басқа елдер арасында көш бастап тұр.

Қытайдың трансшекаралық электронды саудаcының дамуына бірқатар фактор себеп болып отыр.

Қытайдың трансшекаралық электронды саудасының қарқынды дамуы өнеркәсіптік негізден, Қытайдың саяси дивидендтерінен және институционалдық ашықтығынан ажырамайды, - деп атап өтті Қытайдың Халықаралық экономикалық алмасу орталығының қызметкері Чжан Монань.

Оның айтуынша, цифрлық экономиканың дамуына қарай жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және Қытайдың цифрлық инфрақұрылымының құрылысын күшейту трансшекаралық электрондық сауда үшін берік өнеркәсіптік негізді ұсынды.

Бұдан басқа, трансшекаралық электрондық коммерция мен институционалдық инновациялардың кешенді пилоттық аймақтарының жинақталған табысты тәжірибесін бүкіл ел бойынша тарату, сондай-ақ сауда мен инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі саясатты іске асыру және басқа да шараларды, трансшекаралық электрондық сауданы дамытуда елеулі рөл атқарды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: