Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде жыныстық сауаттылық пәнін енгізу қажет пе?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 01:55 zakon.kz
Бастапқыда бұл сауалға жауап беруден бас тартқан Аймағамбетов сөз арасында бүгіндері мектептегі оқу бағдарламасы аясында аталған мәселелер қарастырылып жатқанын айта кетті.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде балаларға жыныстық сауаттылық пәнін енгізу қажеттілігі туралы сауалға жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Журналистер министрден: "Еліміздің мектептерінде жыныстық сауаттылығын пәнін енгізу қажет пе" деп сұрады.

Бұл сауалға түсінік бермей-ақ қояйын, жақсы ма, - деді министр.

Дегенмен бұл ретте Аймағамбетов бүгіндері мектептегі оқу бағдарламасы аясында аталған мәселелер қарастырылып жатқанын айта кетті.

Оқу құралдарына жас ерекшеліктерін ескере отырып, ақпарат енгізілген, - деді Білім және ғылым министрі.

Жалпы, оның айтуынша, мұндай жұмыстарды мектепте ғана емес, ата-аналар мен үйде де жүргізу керек.

Әр ата-ана баласына қарап, тәрбиелеп отыруы керек. Бұл интимдік мәселе, бұл ата-ана мен баланың қарым-қатынасына қатысты. Мұны әкесі немесе шешесі айтсын, бұл сол отбасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Осындай тәрбиелік әңгімелер ата-аналарға да жүктелуі керек. Сондай-ақ бұл әрбір ата-ана жүргізетін тәрбие жұмысының өте маңызды құрамдас бөлігі, - деп қорытындылады сөзін Білім министрі.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: