Жаңалықтар тізбегі
0

Ұялы байланыс операторларына цифрлық құжатпен келуге болады

gov.kz gov.kz
Қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын ұсынбауға болады.

EGov mobile мобильді қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар" қызметінің арқасында байланыс операторлар клиенттері қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын ұсынбауларына болады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек.

Цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында "Цифрлық құжаттар" бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, "рұқсатты ашу" батырмасын басу керек.

Процедураны орындау үшін Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR кодын сканерлейді және биометриялық деректер арқылы клиенттің жеке басын куәландырады.

"Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғайлылық, қауіпсіздік және тиімділік бүгінде біздің басымдылық болып табылады. Бұған дейін кейбір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлық құжаттарды қабылдай бастады, бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық",- деді Бағдат Мұсин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметінде 18 құжат тіркелген, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сынағы және туу туралы куәлік.

Бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құджаттарды әуежайларда, теміржол вокзалындағы вагондарда, банктер мен нотариус қызметтеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүмкіндік алды.

Жүйелердің интеграциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Beeline Қазақстан көмегімен жүргізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: