Министрліктер мен әкімдіктердің сайттары "сынып қалды"
pixabay.com
Осындай жағдай 20 қыркүйекте орын алған еді.
Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің сайттары жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрліктердің сайттарын ашуға тырысқанда "тілдерді жүктеу" деген жазбадан басқа түк көрінбей тұратын болды. Дәл осындай жазу әкімдіктердің сайттарында да пайда болады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл фактіні растады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы жөнді жұмыс істемей тұр. Ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деп құтылды "ҰАТ"АҚ баспасөз қызметі.
Осындай жағдай 20 қыркүйекте орын алған еді.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript