Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Ақорда
Хаттаманың мақсаты - биологиялық әртүрлілікті, экожүйені сақтау және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтау туралы хаттама ратификациясына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген ресми хабарламада.
Хаттаманың мақсаты - биологиялық әртүрлілікті, экожүйені сақтау және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript