Күн суықта қандай тағамдар жеген жөн?
Диетолог Алексей Ковальков суық ауа-райы кезінде тағамның құрамы қандай болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik радиосына сілтеме жасап.
Жазда көкөністер мен жемісті көп жеу керек, бірақ суық басталып, термометр минус 5-10 градусқа дейін төмендегенде, майлы тағамға ауысу керек.
Жазда майлы тамақты азайту керек, бірақ қыста тәрелкеңізде майлы тағамдар көбірек болсын. Жаяу жүру кезінде май аяқ бұлшықеттерінде қозғалысқа жұмсалатын энергияға шығындалады, ал өкпедегі майлар жылуға жұмсалады және ол жылу көшедегі суықтан қорғайды. Суық кезде ауыздан будың шығуы – майдың қорытылуынан келетін жылу. Сонымен қатар, жануарлардан алынатын майлар өкпе мен бронхты түзетін және бактериялардың енуіне жол бермейтін белсенді кешенді құрайды", - деді дәрігер.
Тамақтану пирамидасында майлар мен ақуыздар жылдың кез келген уақытында көмірсулардан басым болуы керек.
Тамақтану пирамидасы көмірсуларға негізделген. Бірақ диетологтар бұлшықет массасының пропорциясы мен сақталуы туралы айтқанда, олар әдетте "ақуыздар, майлар және көмірсулар" дейді, яғни ақуыздар бірінші орынға шығады. Диетада ақуыздар мен майлардың көп мөлшері және көмірсулардың аз мөлшері болуы керек.
Ақуыздар кем дегенде 70 грамм болуы керек, содан кейін дене салмағының әр килограмына 1,2 грамм деп есептеу керек. Ақуыздың әртүрлі түрлерін ауыстырып отыру қажет, бұл тауық, сиыр еті, содан кейін теңіз өнімдері, балық болуы мүмкін. Көмірсулар кем дегенде 50-60 грамм, күніне ең көбі 110-115 грамм, ал майлар күніне 60-тан 80 граммға дейін болуы керек, олардың жартысы өсімдік, жартысы жануар тектес болуы керек. Бұл әмбебап және мінсіз диета, - деп қорытындылады диетолог.
Бақытжан Отарбаева