Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда органикалық өнім өндірушілерге жеңілдіктер беріледі

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 18:17 Павел Михеев / zakon.kz
Органикалық өнімді міндетті сертификаттаудан бас тарту ұсынылды.

ҚР Парламенті Сенатында Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен сенаторлар бастамашылық еткен органикалық өнім өндірісі мен айналымына қатысты бірқатар заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әшімбаев атап өткендей, "Қазақстан-2050" стратегиясында экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндеті белгіленген. Ел Президенті Жолдауда да осы мәселеге баса назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті, атап айтқанда органикалық өнім өндіру мүмкіндігі толық пайдаланылмайтынына назар аударды. Қазіргі уақытта органикалық өнім өндіру нарығында ұзақ мерзімді өсу үрдісі байқалады. Сондықтан бұл саланың даму мүмкіндігі жоғары деп айтуға толық негіз бар, – деді ол.

Палата спикері Қазақстанда органикалық өнім өндірісін жолға қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ сонымен бірге заңнамалық реттеуге қатысты проблемалар да бар екенін атап өтті. Осыған байланысты сенаторлар заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар заң жобаларына бастамашылық жасады.

"Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы", "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларында жаңалықтар жазылған.

Таныстырылымда атап өтілгендей, новеллалар органикалық өнім өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға және халықтың осындай өнімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекетке өтпелі кезеңнің шығыстарын субсидиялау ұсынылады, өйткені ауыл шаруашылығы өндірушілері бірнеше жыл бойы егін жинамауы мүмкін және тиісінше өтпелі кезеңдегі бос ауыл шаруашылығы алқаптарынан пайда алуы мүмкін.

Заң жобасын талқылау барысында сенатор Ақылбек Күрішбаев тағы бір жаңашылдыққа – органикалық өнімді міндетті сертификаттаудан бас тартуға тоқталды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, сертификаттау нысаны түпкілікті өнім емес, органикалық өнім өндіру процесі. Бұл шара өндіріс құнын төмендетеді және фермерлерге қосымша қаржылық жүктемені болдырмайды. Нәтижесінде тауарды, әсіресе, ішкі нарықта қолайлы бағамен сатуға болады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: