Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда борышкер сот орындаушысына балта ала жүгірді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 03:55 видеодан алынды
Жеке сот орындаушысы қызметі барысында өзіне шабуыл жасаған борышкерді жауапкершілікке тарту жөнінде арыз берді.

Нұр-Сұлтанда жеке сот орындаушысы полиция басқармасына арызбен жүгініп, өзіне балтамен шабуылдаған борышкер Н-ды жауапқа тартуды сұрады. Оқыс сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам жол ережесін бұзған, мұнысы "Сергекке" түсіп қалған. 26 қазанда сот орындаушысы борышкерге барды. Таңертеңгі сағат 8:45-те ол оның көлігін тәркілемекші болған, сол кезде қожайыны тарапынан өте агрессивті қарсылыққа тап болды. Ол көлігін өз еркімен беруден бас тартты.

Содан үйге кіріп, қолына темір балта алып, сыртқа шыққан бетте сот орындаушысы мен полиция қызметкерлеріне қарай тұра жүгіріп, шабуыл жасаған. Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған.

Осы кезде полиция қызметкерлері бұрыш шашатын балонды пайдаланып, оны залалсыздандырды, қауіпті тұлға полиция бөлімшесіне жеткізілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жеке сот орындаушылары Өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Жеке сот орындаушысы қызметі барысында өзіне шабуыл жасаған борышкерді жауапкершілікке тарту жөнінде арыз берді.

Ескерте кетелік, видеода бейәдеп сөздер бар!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: