Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев интернет сапасы туралы: Жақсарып жатқан ештеңе жоқ...

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 03:10 Ақорда
Маған берілген мәлімет бойынша, тіпті елорданың өзінде, сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайызға дейін жетеді. Бұл, шын мәнінде, тұтынушыларды алдау деген сөз.

Дәстүрлі "Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі интернет пен байланыс сапасын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі кезде нақты емес нәрсені сату қалыпты жағдайға айналды. Олар интернет параметрлерінің бірін жарнамалайды да, шын мәнінде мүлде басқасын ұсынады. Жақсарып жатқан ештеңе жоқ. Маған берілген мәлімет бойынша, тіпті елорданың өзінде, сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайызға дейін жетеді. Бұл, шын мәнінде, тұтынушыларды алдау деген сөз. Мұндай өрескелдікті доғару керек. Үкіметке әкімшілік құрамды заңдық негізде бекітуді және бұндай заң бұзушылықтар үшін санкциялар белгілеуді тапсырамын. Біз үнемі Қазақстанның аумағы жүз пайызға жуық интернетпен қамтылды деп айтып жүрміз. Кәнеки мәселенің басын ашып алайық, осы іс жүзінде расталған ақпарат па әлде жоқ па? Немесе ойымыздағыны шындық деп санаймыз ба? – деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес үшін жер учаскелерін таңдау және бөлу мәселесін толық цифрландыруды, жылжымайтын мүліктің Бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмыстарын жеделдетуді және осы ақпараттық жүйені 2022 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей іске қосуды тапсырды.

Құрылыс жұмыстарының сапасын анықтау үшін цифрлық құралдарды белсенді әрі кең көлемде енгізу қажет. Негізгі құрылыс компаниялары тұрғын үй, мектеп, аурухана, жол және басқа да әлеуметтік мәні бар маңызды нысандар салу үшін мемлекет қаржысын молынан игеруде. Бірақ, ашығын айтайық, олардың сапасы көбінесе көңілге қонбайды. Күмән туғызады. Бұл жағдай азаматтардың наразылық жасауына алып келеді. Сондықтан Үкімет осы мәселеге баса мән беріп, цифрлық құралдарды қолдануға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: