Қазақстандықтардың 95,2 пайызы санақтан өтті

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 03:35 zakon.kz/ Павел Михеев
2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтіп жатыр.

27 қазандағы мәлімет бойынша, 18 миллионнан астам адам халық санағынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 111 266 қазақстандық халық санағынан өтті, яғни халықтың 95,2% қамтылды, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Айта кету керек, тіркелгендер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр – 108,2%. Яғни, егер мегаполисте 1 тамызда 2 005 496 адам тұрақты тіркеуде тұрса, онлайн-санақ пен интервьюерлердің аралық қорытындысы бойынша қазір 2 170 715 адам есепке алынды.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (101,5%), Алматы (101,4%), Түркістан (100,7%) облыстарында және Шымкент қаласында (100,6%) тіркелді. Бұл аймақтарда сауалнама әлі аяқталған жоқ.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: