"Барселона" Куманды қуып жіберді

Instagram/ronaldkoeman, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 15:53 Instagram/ronaldkoeman
Куман каталондық клубты 2020 жылдың тамызында тізгіндеген болатын.

"Барселонаны" жаттықтырған 58 жастағы голландиялық маман Рональд Куман қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат клубтың ресми сайтында пайда болды, деп жазады aladop.kz.

"Барселона" Ла Лиганың 11-ші турында "Райо Вальеканодан" жеңілгеннен кейін клуб басшылығы Жоан Лапортаның жетекшілігімен шұғыл жиын өткізіп, Куманның отставкаға кетуі туралы шешім қабылдаған.

Еске салайық, Куман каталондық клубты 2020 жылдың тамызында тізгіндеген болатын. 2020/2021 жылғы маусымда оның жетекшілігімен "Барселона" Испания чемпионатын 3-ші орынмен аяқтап, ел кубогін жеңіп алды.

Ағымдағы маусымда "Барселона" 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орында тұр. УЕФА Чемпиондар лигасында каталондық клуб үш турдан кейін E тобында үшінші орынға табан тіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: