Әлем чемпионаты: екі боксшымыз келесі кезеңге өтті

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 15:56 olympic.kz
Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Бокстан ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 келіде қолғап түйістіріп жүрген Абылайхан Жүсіпов екінші айналымда Венесуэла спортшысы Кристиан Паласионы 5:0 есебімен ұтты, дейді Olympic.kz.

Сонымен қатар, боксшы Серік Теміржанов та әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық Серік Теміржанов жастар арасындағы әлем чемпионы Рейто Цуцумимен кездесті. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталып, Серік Теміржанов келесі айналымға өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: