Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды

Ж.Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 18:34 Ж.Жұмабеков
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттар қарауына "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарау ұсынылады.

Заң жобасы мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік қауқарсыз санаттарын жазадан босатуға мүмкіндік береді.

Күн тәртібінің жобасында депутаттар бастамашы болған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын және сот жүйесі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қарау көзделген.

Сонымен қатар, алдағы жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарау қарастырылған.

Сондай-ақ, бюро отырысында депутаттарға кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 18:34

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: