"Тегсіз" шенеуніктер кімдер?
Шенеуніктердің ішінде ғаламтордағы парақшасын халыққа жақындату үшін жүргізіп отырғандары бар. Ал, кейбірін әлеужеліден шаммен де іздеп таппайсыз. Ондай атқамінерлерді "тегсіз" дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде әлеуметтік желі арқылы атқамінерлердің қайда, кіммен жүргендерін білуге болады. Тіпті, екі жыл бұрын Мемлекет басшысы да шенеуніктер желіде белсенді болып, халықпен кері байланыс орнатуын талап еткен болатын. Белсенді министрлер тізіміндегі көшбасында бас ұстаз - Асхат Аймағамбетов тұр. Ол үш бірдей әлеуметтік желіні қолданады. Тұрақты түрде жұртпен кері байланыс орнатады. Цифрлық даму министрі - Бағдат Мусиннің фейсбукте 31 мыңнан аса фоллоуері бар. Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова да көштен қалар емес. Аса бір көзі түсіп жатпаса да, Ақтоты ханымның инстаграмында 15700 оқырман тіркелген. Ақпарат министрі Аида Балаева да белсенді шенеуніктердің қатарында. Оның инстаграмын 48900 адам оқиды, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да бірнеше желіге тіркелген. Алайда оны тегтеу, яғни пост жазғанда министрдің аты-жөнін белгілеу мүмкін емес, - дейді инста блогер Перизат Қайрат. Оның сөзінше Цой әлгі белгілеу тетігін өшіріп тастаған. Оны бізде тексеріп көрдік.
САМАТ НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:
Халық пен биліктің арасындағы көпір - әлеуметтік желі. Сондықтан ол министрлер отырмаса да көмекшісін отырғызып қойып, халықтың не ойлап отырғанын уәжін проблемасын біліп отыру керек. Тек қана құрғақ статистка емес, бұқарамен жұмыс істесе жағдайыдың реали ситуациясын көре алады.
"ИнформБюро" порталы да әлеуметтік желіде табылмайтын, тіркелмеген ақжағалылардың рейтингісін жасапты. Мәселен, білдей министрлікті басқарып отырған Бейбіт Атамқұлов, Мұхтар Тілеуберді, Ербол Қарашөкеев, Серік Шәпкенов, Серікқали Брекешевті фейсбуктен де твитерден де инстаграмнан таба алмайсыз.
Айтпақшы, тек твитердің тасасында отырған үш шенеунік бар. Энергетика министрі - Мағзұм Мырзағалиев, жас экономика министрі - Әсет Ерғалиев, Төтенше жағдай министрі - Юрий Ильин. Үшеуі де желі де бар болғанымен, мардымды дүниемен бөліспеген. Оқырмандары да некен-саяқ.