COVID-19 бойынша тың мәліметтер жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың қысқаша статистикасын жариялады. Өткен күннің статистикасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны 90 жағдайға азайған. Сондай-ақ бір тәулікте 2698 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жұқтыру көрсеткіші бойынша Алматы анти-көшбасшы қатарына оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 607 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 137,
Алматы қаласында - 227,
Шымкент қаласында – 44,
Ақмола облысында – 133,
Ақтөбе облысында - 35,
Алматы облысында - 103,
Атырау облысында - 22,
Шығыс Қазақстан облысында - 90,
Жамбыл облысында - 25,
Батыс Қазақстан облысында -54,
Қарағанды облысында - 120,
Қостанай облысында - 134,
Қызылорда облысында - 39,
Маңғыстау облысында - 10,
Павлодар облысында - 221,
Солтүстік Қазақстан облысында - 172,
Түркістан облысында - 41.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 937 691-ге жетті.
Қазақстанда 2 698 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 548,
Алматы қаласында - 293,
Шымкент қаласында - 81,
Ақмола облысында - 149,
Ақтөбе облысында - 78,
Алматы облысында - 127,
Атырау облысында - 77,
Шығыс Қазақстан облысында - 171,
Жамбыл облысында – 23,
Батыс Қазақстан облысында - 206,
Қарағанды облысында - 130,
Қостанай облысында - 18,
Қызылорда облысында - 36,
Маңғыстау облысында - 137,
Павлодар облысында - 320,
Солтүстік Қазақстан облысында - 265,
Түркістан облысында - 39.
Елімізде барлығы 883 822 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.