Жаңалықтар тізбегі
0

G20 елдері саммитінде корпорацияларға бірыңғай салық енгізу жайы келісілді

youtube.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2021 18:58 youtube.com
Саммит өз қатысушыларын әлемнің кедей елдерін қосымша вакцинамен қамтамасыз етуге шақырумен басталды.

G20 елдерінің үкімет басшылары мен көшбасшылары салық салымы бойынша ортақ ережелерді бекітті. Римдегі саммитке қатысушылар, атап айтқанда, жаһандық корпорациялар табысына салынатын салықты кем дегенде 15 пайыз етуді көздейтін жобаны қолдады. Вашингтон бұл салық жеңілдіктері бойынша бастамаларды доғарудың басы болады деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саммит өз қатысушыларын әлемнің кедей елдерін қосымша вакцинамен қамтамасыз етуге шақырумен басталды.

Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алға қойғандай, 2021 жылдың соңына қарай әлем халқының 40 % вакциналау мақсатын игеруге жақындап қалдық. Біз қазір 2022 жылдың ортасына қарай 70 %-ға жету үшін бар күшімізді салуымыз керек, – деді Италия премьер-министрі Марио Драги.

Қытай Халық Республикасы мен Ресей президенттері Си Цзиньпин мен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы әлем қауымдастығын COVID-19-ға қарсы әртүрлі вакциналарды өзара жарамдылығын мойындау туралы келісімге келуге шақырды.

Путиннің мәлімдемесі "Sputnik V" вакцинасын ДДҰ мен Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінде тіркеу мәселесі ұзаққа созылып жатқан кезде жасалды.

Ақпарат агенттіктері климат бойынша келіссөздер әлдеқайда қиын болғанын атап өтті. Қорытынды құжатта, алдын ала мәліметтер бойынша, Жердегі орташа жылдық температураның 1,5 градустан астам артуына жол бермеу бойынша жалпы ұсыныстар болады. Көміртегі бейтараптығы бойынша нақты міндеттемелер мен мерзімдерді келісу кезінде қиындықтар туындады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: