Нұр-Сұлтан және төрт өңір бойынша дауылды ескерту жарияланды
1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында және Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында 1 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
1 қарашадаСолтүстік Қазақстан облысыныңбасым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен қатты жел соғады, — делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с қарқынмен жел соғады. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі деп күтіледі.
Сондай-ақ Павлодар облысының батысында түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні —15-20 м/с. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.