Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Жастар кадр резерві дегеніміз – мемлекеттің резерві

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 03:05 akorda.kz
Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар жастарға жол ашып отыр.

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттік жастар кадр резервінің бірқатар өкілі, атап айтқанда, Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко және "Екібастұз МАЭС – 2" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Сүйентаев Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, беріліп отырған мүмкіндік үшін алғыс айтты. Олардың айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар жастарға жол ашып отыр, делінеді Ақорда хабарламасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 03:05

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардан өңірдегі өзекті мәселелер туралы сұрап, кадр резервінде болудың жауапкершілігін атап өтті.

– Жастар кадр резерві дегеніміз – мемлекеттің резерві. Мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні – ел үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттің дамуы жолында өздеріңіздей мамандар қажет. Біз бүгін осы өңірдегі және еліміздегі түйткілді мәселелерді ашық талқыладық. Соны жүзеге асыруға сіздердің көмектеріңіз қажет болады. Барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: