Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 04:41 pixabay.com
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялайды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялайды.

5-6 қарашада Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында, сондай-ақ Шымкентте тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде және Оралда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел тұрып, шаңды дауыл тұрады. Қызылордада да жел соғады. Күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. 6-8 қарашада Алакөл аумағында шығыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: