Теңгенің қандай қысымға тап болғанын Досаев түсіндірді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мұнай бағасының өсуі аясында теңгенің әлсіреуін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнай бағасының 7,5%-ға, барреліне 84,4 долларға дейін өсуіне қарамастан, ұлттық валюта бір айда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және жалғасып жатқан фискалдық импульс аясында 0,3%-ға, бір долларға шаққанда 427,15 теңгеге дейін әлсіреді, - деп хабарлады Досаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес пен халық тарапынан сұраныстың өсуі аясында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Ресей тауарларының импорты ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы 2,4%-дан жылдық мәнде 36,1%-ға дейін жеделдеді. Бұл қазан айында рубльдің 6,05 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға көтерілуіне әкелді.
Сонымен қатар, спикер базалық мөлшерлеменің артуы теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайтынын атап өтті, бұған бейрезиденттердің мемлекеттік құнды қағаздарға қазан айында салған салымдары көлемінің 75 млрд теңгеге, 863 млрд теңгеге дейін өскені дәлел.
Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасын қосымша ұсыну нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді. Импорттың өсуі жағдайында валютаға тұрақты сұраныс, оның шектеулі ұсынысы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық теңге бағамына қысым көрсетуді жалғастырады, – деп түйіндеді Ұлттық Банк басшысы.
Бақытжан Отарбаева