Қарағанды облысында әдейі банкрот болған кәсіпорын басшылары сотталды
ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көбінесе заңсыз банкроттық келесідей іске асады: компания банктен үлкен көлемде несие алады, содан кейін кепілмен қамтамасыз етілмеген құнды активтерді шығарып алады да, есепшоттар бойынша төлем жүргізуді тоқтатады және сәйкесінше бюджетке төлемдер жасаймайды. Осыдан кейін ол банкроттық рәсімін бастайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі осындай деректердің жолын кесуде.
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті "Арт Текстиль" ЖШС-нің әдейі банкроттық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеді.
Тергеу барысында кәсіпорынның құрылтайшысы мен басшысы И.Фелькер мен Р. Куран кәсіпорын банкрот деп танылғанға дейін 3 жыл ішінде мүлікке - жер учаскесіне, ғимаратқа, автокөлікке құқықтарды жалған тұлғаларға заңсыз бергені анықталды.
Осылайша, олар жалпы сомасы 86 миллионнан астам теңгеге салық төлеуден жалтаруға тырысқан.
"Арт Текстиль" ЖШС мүлкін беру және сату туралы шарттар жарамсыз деп танылды, барлық мүлік қайтарылды.
И. Фелькер мен Р. Куран 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.