Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей нөмірімен біздің елде қандай көліктің жүруіне рұқсат?

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2021 23:21 Zakon.kz
Ресейдің тіркеуінен шығып қалған көлікті Қазақстанда тіркеуге қоюға болады.

ҚР ІІМ деректерінше, Қазақстанда қазір 200 мыңнан астам ресейлік нөмірлі автокөлік жүр. Оның ішіндегі кемінде 80 мың мәшине Ресейдегі есептен сырттай шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ендеше Қазақстандағы қандай ресейлік нөмірлі көліктер айып тұрағына қойылуы мүмкін екенін kolesa.kz түсіндіріп көріпті:

  • Ресейдің ГИБДД-сында тіркеуде тұрған,
  • Қазақстанда мерзімі өтпеген сақтандыру полисі бар,
  • мерзімі өтпеген ресейлік "техосмотры" бар көліктің Қазақстанда жүруіне рұқсат!

Көлік Ресейде тіркеуде тұр ма, жоқ па – ол жағын көлік құралының тіркеу куәлігінің нөмірі немесе VIN-код енгізу арқылы мына сайттан тексеруге болады.

Ресей нөмірлі көліктің иесі екенін растау үшін қазақстандықтың қолында мына құжаттар болуы тиіс:

  • сатып алу/сату туралы келісім-шарт;
  • көлік иесі берген бас сенімхат;
  • көлік құралының паспорты (ПТС).

Ресейлік нөмірлі қандай көліктің Қазақстанда жүруіне болмайды?

  • Ресейдің ГИБДД-сында есептен шығарылған;
  • Ресей аумағында қозғалысына шектеу салынған: арестте тұрған, ұрланған, іздеу салынған және т.б.

Ал енді Ресейдің тіркеуінен шығып қалған көлікті Қазақстанда тіркеуге қоюға болады. Ол үшін бірнеше міндетті талап бар:

  • рөлі сол жақта болуы тиіс;
  • түтінінің тазалығы Евро-4 талабынан төмен емес;
  • ABS болуы керек;
  • жүргізушінің "қауіпсіздік дорбасы" болуы керек;
  • балаларға арналған креслоны қыстыратын ISOFIX жүйесі болуы керек;
  • күндізгі жарық шамы болуы тиіс.

Ресейден келген көлікке "растаможка" жасату қажет емес, есесіне утильсбор мен алғашқы тіркеу үшін енгізілген алымды төлеп тастау міндетті.

Бұл талаптарға сай емес көлікті бөлшектеп сатып жіберуден басқа амал жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: