Алматы облысындағы ең қауіпті жолдар анықталды
![Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 02:45](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9c704a49-022e-4652-9a7d-1410a279b653/800x450.webp)
Жол полициясының мәліметінше, биыл облыстағы жолдарда 1 873 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 362 адам қаза тапқан, ал 2 690-ы жарақат алған.
Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдардың ішінде ең апатты учаскелер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол полициясының мәліметінше, биыл облыстағы жолдарда 1 873 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 362 адам қаза тапқан, ал 2 690-ы жарақат алған.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері белгіленген жылдамдықтан шекті асыру және қарсы жолаққа шығу болып табылады. Ең қауіпті учаскелер – Алматы – Өскемен тас жолы (13-тен 619 шақырымға дейін), Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас (9-дан 306 шақырымға дейін), – деді Алматы облыстық ПД Жол полициясы басқармасының басшысы Нұрлан Ысқақов.
Сонымен қатар, шетелдік нөмірлі көліктер бойынша 51 жол-көлік оқиғасы тіркелген, одан 19 адам қаза тауып, 91 адам зардап шеккен.
ПД ЖПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері барлығы 2 мың 222 тексеру жүргізді, олар бойынша 2 мың 227 ұйғарым толтырылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша 9 млн 217 мың 720 теңге сомасына 239 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript