Ең үлкен мұсылман елінде криптовалюта харам деп танылды
Индонезия ғұламалар кеңесі (MUI) криптовалютаны харам деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Индонезиядағы діни жетекшілері криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануды тоқтатуға шақырды, өйткені ол Құранда күнә ретінде сипатталған, деп жазады Bloomberg.
Рухани ұйымның пәтуа жөніндегі комиссиясының төрағасы Асрорун Ниам Шолех түсіндіріп өткендей, криптовалютаны пайдалану күптілікпен, құмарлықпен, зиянмен қатар жүреді.
Сонымен қатар MUI шариғат қағидаттарына сай келетін криптовалюталармен сауда жасауға мүмкіндік береді, яғни кепіл беретін және "айқын артықшылықтары барына".
Бірақ MUI үкіметтің құрамына кірмейді, сондықтан азиялық діни жетекшілердің жарлығы заңды күшке ие емес, дегенмен ол көптеген мұсылмандардың инвестициялық шешімдеріне әсер етуі мүмкін. Кеңес ең жоғары діни орган болып табылады және әлемдегі ең үлкен мұсылман қауымы орналасқан Индонезияда шариғаттың сақталуына жауап береді.