Жаңалықтар тізбегі
0

Не сұмдық, көмір қайда? Халықтың жанайқайы қаттырақ шығуда

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 16:49 primeminister.kz
Қазақстанда неге көмір жоқ?

Қытайда аштық басталуы мүмкін. Бүгін мен Тайван ақпаратынан Қытай туралы сұмдық жағдайды оқыдым. Қытайда үш аймақтың орталығы болған Іле облысында көмір жоқ, халық тоңа бастаған. Мұның себебі – тұтас көмірді ішкі Қытайға әкетіп, бұл бір ауыр қыстың қарсаңына дөп келген.

Сосын азық-түлік бағасы дүлей қымбатшылыққа ұшырамақ, дейді желіде Серік Боқан.

Қандастар, ұйғыр, өзбек, т.б. ол жақтағы мұсылман бауырларымыз кем дегенде бір жыл – екі жылдық азық-түлік, ұн, майын запасқа сақтау керек. Шама болса көмір, болмаса, ағаш отын жинап, қыстың қақаған суығынан жан сақтауды тез қарастыру керек. Шығыс Түркістандағы бауырларға Алла жар болсын!

Ал Қазақстанның әр облысынан "көмір жоқ, бұл не сұмдық!?" деп халықтың жанайқайы қаттырақ шығуда. Өткенде Кербұлақ ауданында трактордың жүк тиегішіне шыққан әйелдің жанайқайын адам түсінген жоқ.

Мұнай мен көмірі дүниені жалт қаратып отырған елімізде көмір жоқ. Халық тоңа бастады. Петропавлдай өте қатты суық облыста көмір жоқ, халық зарлап жүр. Халықтың көз жасы қашан құрғайды? Кеше туыстарыма келсем, Алматы облысының Үштөбе ауданында да көмір жоқ, қиналып отыр. Бұл не сұмдық, көмір қайда кетті? Шетел ақпараты мен әр өңірдегі халықтың айтуынша, Қытайға өтіп кеткен екен. Қытайда басталатын азық пен көмірдің апаты бізді де шарпығалы тұр. Құрметті билік, көмір тауып беріңдер, азық-түлік қауіпсіздігін ойлаңдар, делінеді жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: