Мұны көру керек: Түрікменбашы министрлерімен футзал ойнады
видеодан кадр
Есеп деген 8:0.
Түркиядағы саммиттен өз еліне оралған Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов өткен демалыста футзал ойнағысы келіпті.
Сосын министрлерін шақырып алып, әлгілердің алақандарына өз қолымен антисептик сеуіп беріп, солармен доп тепті.
Бірақ "Хроника Туркменистана" каналы жариялаған видеоға қарасақ, бұл ойын тым сүреңсіз болған сияқты: Түрікменбашының тепкен добын қайтаруға қақпашының дәті шыдамайды.
Футзалды тындырған соң, президент ұшағына мініп, кете барды, министрлер қол бұлғап қала берді:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript