Қазақстан 20 мемлекеттің екпе төлқұжатын мойындады - жаңа қаулы
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Қазақстан Республикасындағы карантиндік шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында КВИ-ға қарсы вакцина алғандығы туралы келесі елдің азаматтарының төлқұжаттары/сертификаттары жарамды деп танылады: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы , Перу Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия және Эстония Республикасы. .
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.