Назарбаев Түркияның экс-президентіне ризашылық білдірді
Елбасы сайты
Өз кезегінде Абдулла Гүл "Астана клубы" отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталды.
Елбасы Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Кездесуде Назарбаев Гүлге "Астана клубының" жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр, – деп келтіреді Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сөзін Елбасы сайты.
Абдулла Гүл "Астана клубы" отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Үлкен Еуразия" құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript