Жаңалықтар тізбегі
0

Дәурен Абаев түркі интеграциясына қатысты пікір білдірді

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 03:13 Facebook
Дәурен Абаев "Открытый диалог 2.0" бағдарламасына келіп, журналист Алексей Трухачевтің сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі түркі интеграциясына қатысты болды.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәурен Абаев "Открытый диалог 2.0" бағдарламасына келіп, журналист Алексей Трухачевтің сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі түркі интеграциясына қатысты болды.

Президент Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы кеңесіне қатысуы қоғам тарапынан, соның ішінде сарапшылардың, саясаттанушылардың да үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан сыртқы саяси ынтымақтастығы бойынша алғышарттарын өзгертіп, тіпті түркі бағыты барлық басқа қарым-қатынастардың баламасына айналады деп тұжырым келтірген мақалалар да болды, – деп жүргізуші әңгімеге тартты.

Бұған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев былай деп жауап берді:

Біріншіден, біз сыртқы саясаттағы басымдықтарды өзгертпейміз. Түркі әлемі әрқашан оның негізгі векторларының бірі болып табылады. Бұл туралы Елбасы да, президент те талай рет айтқан болатын. Біздің бүкіл оңтүстік шекарамыз – Каспийден Алатауға дейін – тарихи, мәдени, рухани байланыстарды айтпағанда, түркі елдерімен шектеседі. Екіншіден, Қазақстан біреуге қарсы басқаларымен ешқашан дос болған емес. Керісінше, біздің көпвекторлы және прагматизм үлгісі болып табылатын сыртқы саясатымыздың мәні барлық "әлемдік саясаттың полюстерімен" барынша тиімді және әріптестік қарым-қатынастар құру болып табылады. Біз Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен одақтастық қарым-қатынастамыз, Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестіктеміз. Біз бірқатар ұйымдарға мүше, келісімдерге ие бола отырып, алға дамимыз. Сондықтан, жартылай ымдап, долбар жасайтын, шала бүлініп, айғай қосатын мұндай мақалалардың барлығы түк жоқтан барды іздеуге ұқсайды, басқа дәнеме де емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: