Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде тұман, бұрқасын және көктайғақ болады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" орталығының қызметкерлері 18 қарашаға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжап отыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында қатты боран болса, оңтүстік батысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Петропавлда түн борайды. Боран солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен үреді.
Қарағанды облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында оның екпіні 23-28 м /с жетеді. Қарағанды мен Жезқазғанда бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойысқан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Көкшетауда түнде тұман түседі.
Түнде Қызылорда облысының орталығында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады, Талдықорғанда түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, солтүстік-шығыста түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Оралда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.