Жаңалықтар тізбегі
0

Абаев ресейлік нөмірдегі көліктер жайлы: Азаматтығы жоқ адамдар сияқты

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 03:34 Алматы облыстық ПД
Бағдарлама жүргізушісі Ресейден әкелінген 88 мың көлік көрші елде де, біздің елде де есепке тұрмағанын айтты. Бұл жайт қоғамның қызу талқысын туғызды.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Открытый диалог 2.0" бағдарламасында ол заңдағы томпақ тұс ресейлік нөмірдегі көліктердің иелерінің аяқ-қолын жіпсіз байлап отырғанын атап өтті.

Бағдарлама жүргізушісі Ресейден әкелінген 88 мың көлік көрші елде де, біздің елде де есепке тұрмағанын айтты. Бұл жайт қоғамның қызу талқысын туғызды.

Ал басталып кеткен тексерістер ресейлік нөмірлі көлік иелерінің ашуын туғызып, митингке шығуға мәжбүр етті, олар, тіпті утилизация алымын жоюды талап ете бастады.

Қазақстанда да, Ресейде де тіркелмеген ресейлік нөмірлі автокөліктер іс жүзінде нөмірі жоқ болып саналады. Бұл дегеніміз - азаматтығы жоқ адаммен пара-пар. Тиісті юрисдикциялар болмағандықтан, мұндай көлік иелері еркінсіп кетті. Еліміз бойынша 1,5 мыңға жуық жол апаты орын алып, салдарынан 200-ден астам адам қайтыс болды. Ондаған мың жол ережелері бұзылды, бірақ осы фактілерге қатысты ешқандай айыппұл төленбеді. Бұл осы шикілік үшін қоғам осылайша өтем жасап отыр, - деді Абаев.

Сонымен қатар, Абаев бұл мәселе ешкімді аса қызықтырмайтынын, тек осындай жүргізушімен бетпе-бет келіп, басына іс түскенде ғана қазақстандықтардың шырылдайтынын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: