Семейде 54 млн теңгенің темекісі заңсыз сатылды
ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Контрафактілік темекі қоғамдық денсаулыққа, әсіресе жас ұрпаққа тікелей қауіп төндіреді.
Семейде темекі өнімдерін заңсыз сату фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінен хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Семей қаласында темекі өнімін заңсыз өткізуді анықтады.
Іс фигуранттарына тиесілі сауда орындарында, қоймаларда, автомашиналарда жүргізілген тінту нәтижесінде түрлі атаудағы акциздік маркаларсыз 116 мыңнан астам темекі алып қойылды.
Жүргізілген сараптамаға сәйкес темекі өнімінің құны 54 миллион теңгеге бағаланады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript