Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар халықаралық кітап сыйлау күні туралы не ойлайды?

тұрғындар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 15:50 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісі қазақстандықтардан 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні туралы пікірін білді.

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Мұндай мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күні адамдар бір-біріне кітап сыйлап, сол туралы әңгімелеп атап өтеді. Кітап дүкендері мен кітапханаларда да арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Осындай рухани мерекенің пайда болуына америкалық Эмми Бродмур есімді азамат себепкер болған. Ол өзі – үш баланың анасы әрі балаларға арналған кітаптар сайтының иесі. Бір күні одан кішкентай ұлы «Анашым, адамдар бір-біріне кітап беретін күн неге жоқ?» деп сұрайды. Баласының осы сұрағы Эммидің жаңа мерекені бастауына түрткі болады. Эмми Бродмур сол күні таныстары мен танымал адамдарға жазып, осы күнді насихаттауға кіріседі.

2012 жылдан бері 14 ақпанды Кітап сыйлау күні ретінде білетіндер көбейді.

Zakon.kz сайты 14 ақпан – Кітап сыйлаудың халықаралық күнінде Алматы тұрғындарына сұрақ қойып, осындай мерекені білетін-білмейтінін сұрады. Қала қонақтары мен тұрғындарының көбі 14 ақпан кітап сыйлау күні екенін естімеген екен. Дегенмен сауалнамаға қатысқандар осындай мерекенің болғанына, адамдардың кітап оқитынына қуанатының жеткізді.

14 ақпан – Кітап сыйлау күнін қалай атап өтуге болады?

  • Жақындарыңыз бен достарыңызға кітап сыйлай аласыз. Оны тосынсый ретінде үйіне курьермен жеткізуге де болады. Бір ұжымның адамдары да құпия түрінде бір-біріне кітап сыйға тарта алады.

  • Адамға қызығатын саласына, мазалайтын сұрағына қарай кітап таңдауға көмектесуге болады. Әлеуметтік желілерде өзіңізге ұнаған кітаптар туралы жазып, басқаларға кеңес білдіре аласыз.

  • Мектеп, білім беру орындарының мұғалімдері оқушыларға осы күн туралы айтып, кітаптарды, түрлі шығармаларды талқылай алады. Атаулы датаны пайдаланып кітап музейіне, кітапхана мен дүкендерге бару да – таптырмас шара.

  • Кітап алмасу (буккроссинг) топтары арқылы оқып бітірген кітабыңызды беріп, өзіңізге қажет шығарманы алып кетуіңізге болады. Мысалы, Алматыда «451kz» әдеби клубы кітап алмасу шарасын ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар кей кітап дүкендерінде өз кітабыңа басқа кітапты алмастыруға болады. Мысалы, Helloeco экологиялық дүкенінде сондай мүмкіндік бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: