Қазақстандықтарды эвакуациялаған екінші арнайы рейс елордаға келіп қонды

Нұр-Cұлтан әуежайына Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаған екінші ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейс Польшаның Катовице қаласынан орындалды, бортта 120 жолаушы болды.
Air Astana ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша көкке көтерілді. Атырауға техникалық жағдайда қонған ұшақ сағат 21: 03-те елордаға келіп жетті.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевтың айтуынша, 657 қазақстандық өзін эвакуациялауды сұрап, өтініш толтырған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript