Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ: Қазақстан "бейбіт шерушілерге" емес, лаңкестерге қарсы тұрады

БАҚ жарияланымдары, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 12:12 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз сайтында жекелеген шетелдік БАҚ жарияланымдарына түсініктеме берді.

Құзырлы мекеме атап өткендей, елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері қалыптасқан ахуалға байланысты шетелдік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдар атүсті және біржақты сипатта болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Маңғыстау облысы мен елдің барлық ірі қалаларында бейбіт митингтер өткенін атап өтті. Олардың талаптары толық қанағаттандырылды.

Алайда, терроршыстремистік және қылмыстық топтар шиеленіс пен зорлық-зомбылықты ушықтыру үшін бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланып алды. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланды.

Алматы қаласындағы және елдің басқа да өңірлеріндегі оқиғалар көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, шабуылшылардың арасында жанжал аймақтарында діни радикалдық топтардың қатарында қақтығыстарға қатысу тәжірибесіне ие адамдар бар. Қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері, кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, «бейбіт сипаттағы наразы топтарға» емес, террористерге қарсы тұруда. ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қалыптасқан жағдайда, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) көмекке жүгінуге мәжбүр болды, ол жағдайды тұрақтандыру мақсатында жалпы саны 2 500 адам құрайтын бітімгершілік күшін жіберді. Бітімгершілердің мандатына стратегиялық нысандарды күзету және қазақстандық құқық қорғау күштеріне жәрдемдесу кіреді.

Терроршыл топтарға қарсы негізгі іс-қимылды Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері жүргізетініне назар аударамыз. ҰҚШҰ-дың бітімгершілік күштері Қазақстанда уақытша негізде болатынын және жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші сұрауы түскен кезде өз елдеріне оралатынын атап өткен жөн. ҚР СІМ

Министрлік наразылық митингтерінің бейбіт қатысушалыры ешқандай қудалауға ұшырамайтыны аса маңызды екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдарына қалыптасқан жағдайдың себептеріне кешенді тергеу жүргізу тапсырылды, оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа жеткізілетін болады. Қазақстан халқының ынтымағын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт өмірді қалпына келтіру жөніндегі шешімдері мен шараларына қолдауын атап өткен жөн. Қазақстан демократия мен ел Конституциясын діни радикалдар мен терроршылдардан табандылықпен қорғауға дайын! ҚР СІМ

Өкінішке орай, қақтығыстардың салдарынан еліміздің азаматтары, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилер қаза тапты. Осыған байланысты, 2022 жылы 10 қаңтар елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: